Екібастұзда түтін басқан үйден екі адам құтқарылды
Алты қабатты үйдің екінші қабатында өрт шықты, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Екібастұз қаласы ТЖ басқармасының мәліметінше, 20 сәуірде сағат 15.21-де 101 № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің пультіне Мұхтар Әуезов көшесі, 53а мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
– Төрт бөлмелі пәтердің жатын бөлмесінде төрт шаршы метр аумақта тұрмыстық заттар мен жиһаз өртенген. Өрт салдарынан жоғарғы қабаттарды қатты түтін басып, екі тұрғын сыртқа шыға алмай қалды, – дейді департаментте.
№ 2-МӨСБ және № 6-ӨСБ жеке құрамының тәжірибелі және кәсіби мамандары – № 6 ӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшинасы Т. Қиянбеков және газ-түтіннен қорғау қызметі аға шебері, азаматтық қорғау сержанты А. Олжабаев оларды сыртқа шығарды.