Павлодарда жеке сектор көшелерінен қашан қар шығарылатыны белгілі болды
Қар жинау кестесі жария етілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бірінші кезекте жұмыстарды су басу қаупі бар учаскелерден бастау жоспарланған.
– 9 қаңтардан бастап қаланың коммуналдық қызметтері жеке секторлардағы қарды тазалау және шығару жұмыстарын бастады, – деді қала әкімдігінде.
Жиналып қалған қар 9 қаңтардан 1 ақпанға дейін Екінші Павлодардан, 9 қаңтардан 21 қаңтарға дейін Зеленстрой шағын ауданынан, 21 қаңтардан 5 ақпанға дейін Горторг шағын ауданынан, 5 ақпаннан 17 ақпанға дейін МДС шағын ауданынан, 5 ақпаннан 20 ақпанға дейін Радио зауыт, Ағаш зауыты шағын аудандарынан және қала орталығының көшелерінен, 17 ақпаннан 28 ақпанға дейін Усольский шағын ауданынан шығарылады.