Ақсудың ауылдық аймақтарында инфрақұрылымдық жұмыстар қалай жүргізілуде?

Әлеуметтік нысандардың құрылыс барысы тексерілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ақсу қаласының әкімі Болатбек Шәріпов Алғабас және Үштерек ауылдарын жұмыс сапарымен аралады.
Үштерек ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс барысы бойынша еден жабынын төсеу жұмыстары басталды.
Сондай-ақ, әкім Алғабас ауылының мәдени-сауықтыру орталығына барды. Онда орталықтың шатыры орнатылып жатыр.
Болатбек Шәріпов ауылдық округтердің әкімдеріне жұмыстардың уақытылы және сапалы жүргізілуін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.