Екібастұзда зейнеткер аулада көз жұмды
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 сәуір күні сағат 12.00-де Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 151 «В» үйдің ауласында 32 жастағы ГАЗ-33021 маркалы автомашинаның жүргізушісі артқа қарай жүрген кезде 71 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
– Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылып, сол күні кешке алған дене жарақаттарынан қайтыс болды, – деді департаментте.
ЖКО фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында 96 ЖКО тіркеліп, 11 адам қаза тапты, 138 адам жарақат алды.