Екібастұзда жаңа пәтерлердің кілттері тапсырылды
Жаңа жыл қарсаңында 70-тен астам отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі Асайын Байханов әлеуметтік тұрғын үй кезегінде тұрған жандарға жаңа пәтерлердің кілттерін табыстады.
– Біз халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге ерекше назар аударамыз және осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыратын боламыз. Жаңа қоныс иелерін шын жүректен құттықтаймын және осы пәтерлердің тек молшылық, қуаныш, жайлылық әкелуін тілеймін, – деді Асайын Байханов.
Кезекке сәйкес 40 жайлы пәтерді жетім балалар, көп балалы, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар және мүгедектігі бар жандар алды. Тағы 32 пәтер «Шаңырақ» және «Бақытты отбасы» бағдарламалары бойынша «Отбасы банкте» кезекте тұрған салымшыларға сатылады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram