Екібастұзда жарқын сәттерімен бөліскен жас отбасылар жүлде ұта алады

Екібастұзда жарқын сәттерімен бөліскен жас отбасылар жүлде ұта алады
Фото: pexels.com/Kristina Paukshtite

Жеңімпаздар лүпіл мен пікірлер саны арқылы анықталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Екібастұз жастар орталығын 15 мамыр – Отбасы күніне орай жас отбасыларға арналған «My Family» атты ерекше сайыс жариялады. 

Байқауға қатысу үшін +7 747 609 3007 WhatsApp нөміріне отбасыңыздың суретін жіберу керек.

15 мамыр күні барлық суреттер арнайы парақшада жарияланады. Жеңімпаздар лүпіл мен пікірлер саны арқылы анықталады.

Қатысушылар @isb_ekibastuz @crmi_ekb @maximall.kz @pinta.ekibastuz тіркелуі қажет.

Жас аралығы: 35 жасқа дейін

Бірінші орын үшін «Pinta» ресторанынан сертификат берілсе, екінші орын иеленген отбасыға кинотеатрға екі билет сыйға тартылады, ал үшінші орын үшін серуендеуге арналған арнайы себет беріледі. 

Өтінімдер 14 мамырға дейін қабылданады. 

Қосымша ақпаратты +7 747 609 3007 нөмірі арқылы сұрауға болады.