Екібастұздан медавиациямен кейбір органдары жоқ жаңа туған сәби жеткізілді
Медавиация өткен үш тәулікте алты науқасты тасымалдады, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, дәрігерлер төрт рет жер үсті көлігін, тағы екі рет әуе көлігін пайдаланды.
– Медициналық авиация Екібастұздан Павлодарға ұшақпен жаңа туған қызды жеткізді. Сәбидің кейбір маңызды органдары болмаған және шала туу салдарынан басқа жағдайдар жадғайды күрделендіре түскені анықталды. Нәресте перинаталдық орталыққа жеткізілді, – деді 103 қызметінде.
Өткен жұмада облыстық жедел жәрдем станциясының құрамына кіретін медициналық авиация екі өтінімді пысықтады. Бірінші жағдайда медициналық топ жаңа туған баланы тасымалдау үшін Шарбақтыға жол жүрді. Шала туған нәресте тыныс алу органдарының ауыр бұзылуымен дүниеге келді. Сондықтан оны аудандық ауруханадан облыстық перинаталдық орталыққа жеткізу туралы шешім қабылданды.
Сол күні медавиация тағы да Шарбақты қаласына аттанды. Бұл жолы инфаркт, ишемиялық инсульт алып, комаға түскен 51 жастағы әйелді жеткізу керек болды. Науқас № 1 Павлодар қалалық ауруханасында ем алады.
Сенбі, 17 маусымда медициналық авиацияға Май ауданынан өтінім түсті. 57 жастағы ер адам аудандық ауруханаға жеткізілді, оған бас сүйек ішіндегі жарақат, асқазан-ішектен қан кету және кеуде контузиясы диагнозы қойылды. Науқасқа мамандандырылған көмек қажет болды, сондықтан дәрігерлер оны ұшуға дайындап, тікұшақ шақырды. Бүгінде ер адам Сұлтанов атындағы облыстық клиникалық аурухана дәрігерлерінің бақылауында.
18 маусым қарсаңында медавиация пациенттерді қалалық және аудандық ауруханалардан облыс орталығына бірден үш рет тасымалдады. Таңертең Ақсуда жүктіліктің 34 аптасында жүрген 34 жастағы әйелге көмек қажет болды. Ауыр преэклампсия және эндокриндік жүйенің ауруы пациенттің өзіне де, оның дүниеге келмеген баласына да теріс әсер етуі мүмкін еді, сондықтан ол аймақтық перинаталдық орталыққа ауыстырылды.
19 маусымға қараған түні Аққулы ауданында 15 жастағы жасөспірім мотоциклден құлау нәтижесінде бас сүйегі сынған. Алдымен ол аудандық ауруханаға жеткізілді, бірақ хирург пен травматологтың жоғары мамандандырылған көмегі қажет екені белгілі болған соң үш сағаттан кейін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.