Екінші Павлодарда тозығы жеткен кабель желілері ауыстырылуда
Бұл электрмен жабдықтауды жақсартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ мәліметінше, 2024 жылғы инвестициялық бағдарлама аясында электр желілерін жоспарлы жөндеу жұмыстарымен қатар кабельдік желілердің құрылысы жүргізілуде. Кәсіпорын ұзындығы 13 мың метрге жуық 10 кВ кабель желілерін салуды жоспарлап отыр. Жұмысты мердігер ұйым «РемСтройМонтаж-Универсал» ЖШС жүргізуде.
– Бүгінде Всеволод Иванов көшесі, 49/1 мекенжайындағы тұрғын үйдің ауласында кабель желісін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Тозығы жетуіне және электрмен жабдықтауды жақсарту мақсатында кабель желілері ауыстырылуда. Бұл желі 1973 жылдан бері жұмысын тоқтаусыз атқарып келеді, – дейді «Павлодар электржелілік тарату компаниясы» АҚ электр желілері қалалық кәсіпорнының бас инженері Владимир Медведев
Сонымен қатар мердігерлер дәл осындай жұмыстарды Архангельская көшесі, 4А мекенжайында істеуде.