Павлодарлық шағын ауданда жарық болмайды

Павлодарлық шағын ауданда жарық болмайды
Фото: Константин Шелков

Жарық  үш сағатқа сөндіріледі, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, 28 желтоқсанда сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін электр желісіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты Радиозавод шағын ауданында электр қуаты болмайды. 

Сонымен қатар, дәл осындай себепке байланысты Лермонтов көшесі 46, 48 мекенжайында, Ак. Сәтбаев көшесі 21, 21/1, 25, 27, 29 мекенжайында сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін жарық болмайды.