Екібастұз оңалту бойынша еуропалық клиникаларды басып озуда

Екібастұз оңалту бойынша еуропалық клиникаларды басып озуда

Енді қала тұрғындары, облыстан тыс шықпай, әлемдік деңгейдегі емге қол жеткізе алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұзда оңалту желісі кеңейтілді. Жаңа «іvp.clinic» орталығында емдеуде озық әдістер мен құрал-жабдықтар қолданылады. Дәл осындай емханалар Астанада, Семейде және Павлодарда жұмыс істеуде. Орталық басшысы Артём Боровиков жаңа клиниканы оңалту бойынша мәселелер болғандықтан, Екібастұз қаласында ашуды жөн көргенін айтады.

– Бұрын біз науқастарымызды Павлодар мен Астанаға жіберетінбіз, бірақ көбінің бірнеше айға басқа қалаға шығуға жағдайы жоқ. Ерекше балалары бар аналарға үнемі бір жерге бару қиын. Сондықтан біз бірінші кезекте емделушілерге ыңғайлы болу үшін деген мақсатпен Екібастұзда жаңа нүкте ашқан едік. Бізге облыстың ғана емес, еліміздің де түкпір-түкпірінен адамдар келе алады, – деп түсіндірді директор.

Екі айдың ішінде орталық жүзден астам науқасты қабылдады.

– Біз әртүрлі диагноздармен жұмыс істейміз: инсульт, травмалық аурулар, кардио оталардан кейінгі науқастар. Яғни, оңалту саласын қамтитын барлық нәрсемен айналысамыз. Бізге балалар да, ересектер де келе алады. Күніне 30-50 адамды қабылдауды жоспарлаймыз, – деді Артём Боровиков.

Клиникада үш жаттығу терапиясының нұсқаушысы, реабилитолог, кеңес беруші мамандар, травматолог, невропатолог, кардиолог және екі физио медбике тұрақты түрде білім алып, жаңа тәжірибе алу мақсатында шетелге барып жүреді. Сонымен қатар, осы оңалу орталығында Германия, Финляндия, Италия, Норвегия және АҚШ-тың озық жабдықтары адамдарға көмектесуге мүмкіндік береді.

– Мұндай жабдықтың қызмет ету мерзімі 8-20 жыл, сондықтан қымбат тұрады. Кейбір Еуропа елдеріндегі оңалту орталықтары біздегіден әлдеқайда жұпыны. Жабдықтарды өз қаражатымызға сатып алып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алдық. Мемлекет - бизнесті, ал бизнес мемлекетті қолдағаны барлығына тиімді, – деп есептейді дәрігер.

«TecnoBody» құрылғысы адам денесінің асимметрияларын сканерлеп, жеке оңалту бағдарламасын белгілейді. Мысалы, «Vacumed» интервалды вакуумды терапия құрылғысы аяққа қан ағымы нашар диабетиктерге қолайлы. Құрылғы адамның екінші жүрек сияқты қанды айдауға көмектеседі.

– Қаланың әлеуметтік қолдауының арқасында біз эндокринология бойынша Екібастұз бен Павлодарда науқастардың шамамен 20 пайызын қабылдаймыз, өйткені Қазақстан бүгінде қант диабетіне байланысты ампутация бойынша үшінші орында. Бізде ондай жағдайдың алдын алу үшін «Vacumed» бар, – деп қосты Артём Боровиков.

«ivp.clinic» компаниясының болашаққа жоспарлары зор. Ең біріншіден – станционар салу.

– Орталықтағы қалпына келу мерзімі өтіп кеткендер үшін Екібастұзда шипажай базасын ашқымыз келеді. Заңға сәйкес, оңалту орталықтары үш жасқа дейінгі науқастарды қабылдауға құқылы. Лимитке жеткеннен кейін олар курорттық емделуге жіберіледі, – дейді орталық директоры.

Емханада оңалтудан өту үшін тек емдеуші дәрігердің жолдамасы қажет. Сақтандырылған азаматтарды оңалту МӘМС бағдарламасы бойынша тегін жүргізіледі.

Фото: автор