Павлодар облысы ет өндірісі бойынша көшбасшылар қатарында
Өңірде биыл алты айда 5,2 мың тонна ет және ет өнімдері өндірілген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, 2024 жылы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ҚР-да 40,4 мың тонна ірі қара мал, шошқа, қой, ешкі, жылқы еті өндірілді. Бұл – өткен жылдың қаңтар-маусымына қарағанда 9% артық.
– Өңірлік бөліністе ет өндірісі бойынша Ақтөбе облысы көш бастайды: 6,6 мың тонна, оған қоса жылына 21,7%. Көшбасшы аймақтардың бестігінде Қостанай (6 мың тонна, минус 5,2%), Солтүстік Қазақстан (5,3 мың тонна, минус 1,7%), Павлодар (5,2 мың тонна, плюс 21,4%) және Ақмола (3,6 мың тонна, плюс 3,6%) облыстары кіреді, – деп жазылған хабарламада.
Қазақстанда ет пен құс етінің бөлшек сауда бағасы ағымдағы жылдың маусым айының қорытындысы бойынша жылдық қарқынмен 3,8%-ға өсті. Оның ішінде құс еті 5,1%-ға, шошқа еті 4,5%-ға, сиыр еті 4,1%-ға, жылқы еті 2%-ға, қой еті 1,8%-ға қымбаттады.
ҚР бөлшек сауда орындарында бір келі жылқы етінің бағасы – 3 мың теңге, қой еті – 2,8 мың теңге, сиыр еті – 2,7 мың теңге, шошқа еті – 2,3 мың теңге, тауық еті 1,5 мың теңге болды.
Жан басына шаққандағы ет пен ет өнімдерін Қостанай облысында (11,9%-ға, 21 кг-ға дейін) көбірек, ал Ақтөбе облысында (6,2%-ға 16,3 кг-ға дейін) керісінше азырақ тұтынғаны байқалды.