Екібастұз тұрғындарын жерді жалға беру конкурсына шақырады
Қосымша ақпаратты газеттерден оқуға болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі 18 қараша күні сағат 14:30-да шаруа қожалығын және өндірісті дамыту үшін жер телімдерін жалға беру құқығын ұсыну конкурсы өтетінін хабарлайды. Жалпы ауданы алты миллион гектардан асатын ауыл шаруашылығы алқаптарынан жер телімі жалға беріледі.
Жер телімдерінің тізімі баспа басылымдарында және қала әкімдігінің сайтында жарияланды.