Павлодар облысында майонез арзандады

Павлодар облысында майонез арзандады
Фото: pixabay.com

Еліміздің бес өңірінде майонез бағасының төмендеуі байқалды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, 2024 жылғы қаңтар-қазанда майонез өндірісі 38,7 мың тоннаны құрады, бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға артық. 

Бір жыл бұрын майонез өндірісі 8,2%-ға төмендеген. Ағымдағы жылдың қараша айының қорытындысы бойынша майонез бір айда 0,1%-ға және бір жылда 3,8%-ға қымбаттады. 

Еліміздің 20 өңірінің 14-інде аталған соустың бағасы өскен. Мәселен,  Жетісу және Батыс Қазақстан облыстарында 14,9% және 14,2% өскені байқалады. Бағаның айтарлықтай өсуі Алматыда да тіркелді – 10%. Ал Астанада баға сәл ғана – 0,7%, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында 1,3%-ға  өскен. Майонездің айтарлықтай арзандауы Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді – 5,6%. Одан кейін Ақмола және Қостанай облыстары  (2% және 0,8%) тұр. Шымкент пен Павлодар облысында майонез бір жылда 0,3%-ға арзандады, – дейді сарапшылар.

Айта кетерлігі, елімізде майонез өндірісінің өсуі мен азаюы құбылмалы: ағымдағы жылы көрсеткіш бес жыл бұрынғыға қарағанда 26,2%-ға артық болса, бірақ он жыл бұрынғыға қарағанда 9,7%-ға аз.