Екібастұз қаласының екі көшесіндегі бөліктерде жылу уақытша өшіріледі

Екібастұз қаласының екі көшесіндегі бөліктерде жылу уақытша өшіріледі

Оған жоспарлы жөндеу жұмыстары себеп болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

16 ақпанда «Екібастұзжылуоэнерго» ЖШС мамандары сағат 13:00-ден 16:00-ге дейін Қонаев көшесі, 10-12 үйлерге қарай жылу желісінде қайта кесу және құбыр ауыстыру үшін жылу беруді тоқтатады.

Сондай-ақ бүгін сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін Беркімбаев көшесі, 96 үйге қарай жылу желісінде жөндеу жүргізу үшін жылу өшіріледі.

Фото: Константин Шелков