Павлодар облысының оқушылары қоқыссыз әлемді бейнелейді

Сурет байқауы табиғат пен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аударту мақсатында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
28 наурыз бен 8 сәуір аралығында өңірдің мектеп оқушылары арасында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және Халықаралық «Парктер шеруі-2025» табиғатты қорғау акциясы аясында сурет байқауы өтеді.
Байқауға 1-6-сынып оқушылары қатыса алады. Байқау бірнеше тақырыптар бойынша өтеді:
- «Жер – біздің ортақ үйіміз» – ғаламшарымыздың сұлулығы мен бірегейлігі туралы;
- «Табиғатты қорғасаң – болашағыңды қорғайсың» — экологиялық мәселелер мен оларды шешу жолдары;
- «Таза Қазақстан» – туған жердің табиғаты мен оның тазалығы;
- «Қоқыссыз әлем» – қалдықтарды бөлек жинау, қайта өңдеу, таза планета үшін;
- «Адам және табиғат» – қоршаған ортамен өзара байланыс.
– Суреттерді кез келген дәстүрлі бейнелеу техникасында – гуашь, акварель, қарындаш, пастель және тағы басқаларын қолдану арқылы А3 немесе А4 форматында орындауға болады. Артқы жағында міндетті түрде қатысушының аты-жөні, жасы, сыныбы, жұмыс атауы, мектеп атауы және байланыс нөмірі жазылуы керек, – деді «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының баспасөз қызметі.
Жұмыстар 28 наурыз – 8 сәуір аралығында Шалдай ауылы, Ленин көшесі, 50 мекенжайы бойынша «Ертіс орманы» резерватының туризм және экологиялық ағарту бөлімінде қабылданады.
Байқаудың қорытындысы 14 сәуір күні шығады. Көрме және марапаттау рәсімі маусым айында «Парктер шеруі» акциясының жабылуында ұйымдастырылады.
Жеңімпаздар дипломдар, алғыс хаттар және естелік сыйлықтармен марапатталады.
Қосымша ақпаратты +7(771)394-32-73 WhatsApp нөмірі арқылы алуға болады.