Павлодар облысында 20-дан астам бала биіктен құлаған
Екі жағдай қайғылы оқиғамен аяқталды, деп хабарлайды @Pavodarnews.kz.
Павлодар облысының бас штаттан тыс балалар нейрохирургі Талғат Қасымбековтің айтуынша, биыл жеті ай ішінде биіктен құлаудың 21 жағдайы тіркелді. Ауыр жарақаттардың салдарынан екі бала көз жұмды. Ал 2023 жылы 28 бала биіктен құлап, үшеуі қайтыс болды. Оның айтуынша, терезеден, құрылыс нысанынан, гараждан құлау фактілері жалпы статистикаға кіреді.
– Үш жасқа дейінгі балалар биіктен құлап бара жатқанын аңғармай, түсінбейді. Статистикалық сараптамаға сүйенсек, аутизм спектрінің бұзылуынан зардап шегетін, неврологиялық бұзылысы бар балалар ауыр жарақат алмайды. Әдетте үрейленген бала құлап түскенде өте ауыр жарақат алып, қатты зардап шегеді, – деді Талғат Қасымбеков.
Дәрігердің сөзінше, жүрек пен тыныс алуға жауап беретін ішкі өмірлік маңызы бар органдардың зақымдануы кезінде баланың аман қалу пайызы өте төмен болады. Ағаштан құлаған жағдайда жарақаттары орташа ауырлық деңгейде болуы мүмкін. Алайда биіктен құлап, ауыр зардап шеккен бала өмір бойы мүгедек болып қалатыны сөзсіз.
Облыста балаларға арналған 60 травматологиялық бейіндегі төсек-орын бар.