Павлодарда тамақ дайындалып жатқан пәтерден түтін шықты
Үйде болған ер адам көз жұмды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
4 қаңтарда кезекші қызметке Айманов көшесі мекенжайындағы бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатынан түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің күштері мен құралдары, жедел құтқару жасағы, «102» қызметі және апаттар медицинасы орталығының бригадасы жіберілді.
Бөлімшелер келгеннен кейін пәтердің терезесінен түтін байқалды. Барлау барысында 1962 жылы туған ер адамның денесі табылды. Пеште жанусыз тұрған тағам анықталды.
Оқиғаның мән-жағдайы мен себептері белгіленеді.