Павлодарлық құтқарушылар зейнеткерге көмек көрсетті

Павлодарлық құтқарушылар зейнеткерге көмек көрсетті
Фотосуретті облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ұсынды

Облыстық ТЖД қызметкерлері «Қайырымдылық күні» акциясын өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Акция аясында құтқарушылар зейнеткер Галина Кельдің үйіне барып, көмек көрсетті.

– Қызметкерлер ардагердің ауласын қардан тазалап, үйді жылытуға отын мен көмір дайындады, сондай-ақ азық-түлік жиынтығын табыстады. Сонымен қатар, жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қарттардың үйлеріне көміртегі тотығы датчиктерін орнатып, мұржаларды тазалау жұмыстарын жүргізді, – делінген хабарламада.

Акцияға қалалар мен аудандардың ТЖ бөлімдері қатысты.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай шаралар егде жастағы адамдарға қолдау көрсетіп қана қоймай, қоғамдағы өзара көмек пен ынтымақтастық рухын нығайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ, өскелең ұрпаққа қарттарға құрмет көрсетудің маңыздылығын ұғындыруға және оларға қамқор болудың үлгісін көрсетуге мүмкіндік береді.