Биыл Аққулы ауданына жүзден астам қандас қоныс аударды
Жалпы 43 отбасы көшіп келген,деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Аққулы ауданының әкімі Руслан Мұқанов ағымдағы жылдың тоғыз айының қорытындыларымен таныстыру барысында баяндады. Әкім жыл басынан бері ауданда 43 отбасы 182 адам қоныстандыру квотасы берілгенін мәлім етті.
– Квота алғандардың ішінде 27 отбасы 112 адам қандастар және 16 отбасы 70 адам жұмыс күші артық өңірлердің қоныс аударушылар, – деді аудан әкімі.
Қоныс аударушыларға көшу шығыстарын өтеу бір рет отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК-тен, атап айтқанда 258 440 теңге мөлшерінде субсидия төленеді.
Қоныс аударған 182 адам ішінде 8 адам «Бастау-бизнес» бағдарламасын оқып, 400 АЕК көлемінде жеке кәсіп ашу үшін мемлекеттік грант алды.