Екібастұзда КамАЗ кюветке аударылды
Екі адам көз жұмды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 3 желтоқсанда Екібастұз қаласының Марғұлан ауылынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан «Павлодар-Қызылорда» автожолында КамАЗ-4310 автокөлігінің жүргізушісі кюветке аударылған. Салдарынан жүргізуші мен жолаушы қаза тапты.
Облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.