Екібастұзда күн сайын 140 үйге жылу беріледі

Екібастұзда күн сайын 140 үйге жылу беріледі
Фото: Константин Шелков

Облыс әкімі Асайын Байханов жылу беру бойынша құрылған жедел штабтың кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Павлодар облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 қазандағы жағдай бойынша ЕЖЭО-да екі қазандық жұмыс істеуде. Абай, Энергетиктер, Кеншілер көшелері (Абай көшесінен Б. Момышұлы көшесіне дейін), Пішембаев көшесі (Мәшһүр Жүсіп көшесінен Абай көшесіне дейін), Мәшһү Жүсіп көшесі (ЖЭО-нан ТЖ вокзалына дейін) және Әуезов көшесі (Энергетиктер көшесінен Қонаев көшесіне дейін) бойындағы сегіз жылу магистралі толтырылып, іске қосылды.

3-8 қазан аралығында көпқабатты үйлерге жылу беріледі.  Алғашқы болып № 1, 3, 4, 5А, 5Б, 6, 8, 9, 15, 19, 20, 22, 30, 31 шағын аудандарының көпқабатты үйлері жылу қабылдайды. Күн сайын 140 үйге жылу беру жоспарлануда.

9-10 қазан аралығында жеке секторды жылумен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Қаладағы 90 әлеуметтік нысаннан 40 нысан қосылды. 3 қазанда қалған 50 нысанды қосу жоспарлануда.

Аймақ басшысы Екібастұз қаласының коммуналдық қызметтеріне жылуды кезең-кезеңмен іске қосуды бақылауда ұстауды және қазан айының соңына дейін бұрын жөндеу жұмыстары жүргізілген жылу құбырларын оқшаулауды тапсырды.

Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынды