Екібастұзда орман-патологиялық зерттеу жүргізілді
Жұмыс қорытындысы бойынша 69992 түп жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар мен бұталар анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала әкімдігінің тапсырысы бойынша «Қазгипрослесхоз-KZ» компаниясы қаладағы жасыл желектерге түгендеу және орман-патологиялық зерттеу жүргізді.
– Мұндай егжей-тегжейлі зерттеу ағаш отырғызуды қажет ететін учаскелер туралы жалпы ақпарат беріп ғана қоймай, қаланың жасыл қорына қатысты жағдайды ашық бақылауға ықпал етеді. Дендрологиялық жоспар құру арқылы экологиялық проблемалардың шешімін табуға мүмкіндік береді, – деді қала әкімі Аян Бейсекин.
Кешенді абаттандыруды ұйымдастырудың түбегейлі жаңа тәсілдері дамуда. Басты мақсат – жай ғана жасыл желектерді отырғызу емес, мәселеге ғылыми тұрғыдан қарау. Әр өсімдікке ерекше назар аударылып, ландшафты дизайн тәсілдері қолданылады.
Енді атқарылған жұмыс негізінде апаттық ағаштармен жұмыс жасау, барлық жасыл желектерге күтім жасау, алдағы бес жылда жаңа екпелерді отырғызуды қамтитын бірыңғай жұмыс жоспарын әзірлеу міндеті тұр.