Екібастұзда пәтерден 18 миллион теңгеге вейптер тәркіленді

Екібастұзда пәтерден 18 миллион теңгеге вейптер тәркіленді
Фото: pixabay

Тәртіп сақшылары тауарды Шешембеков көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерінен тауып алған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Үйде 2500-ге жуық электронды темекі болған. 

Заңсыз тауардың партиясы сатуға арналған. Күдікті танымал мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің арналарын қолдана отырып, интернет-дүкен арқылы вейптерді сатуды жүзеге асырған. Электронды темекіні заңсыз сатып, таратты деген күдікпен 20 жастағы азамат полицияға жеткізілді. 

– Қазіргі уақытта темекі шекпейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаментінде.

Тәртіп сақшылары 2024 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстанда никотинді (вейптерді) және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынудың электрондық жүйелерінің айналымына тыйым салатын заң күшіне енгенін еске салады.