Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жәрмеңке 25 шілде күні Торговая көшесі, 2А мекенжайында (Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысында) өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Демалыс күнгі саудаға Аққулы, Ақтоғай, Ертіс, Успен, Павлодар аудандары мен Павлодар қаласының жергілікті тауар өндірушілері қатысып, тұрғындарға ауыл шаруашылығы өнімдерін қолжетімді бағамен ұсынады.

Айта кетейік, мұндай ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері әр сенбі сайын Екібастұз және Ақсу қалаларында, сондай-ақ Павлодар облысының 10 ауданында ұйымдастырылады.