Екібастұзда сарай жанды
Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 мамырда сағат 11.58-де Сүтжанов көшесі мекенжайы бойынша сарай өртеніп жатқандығы туралы хабарлама түскен.
– Оқиға орнына келгенде жеке үй аумағында шамамен 100 шаршы метр алаңда шпал сарайы толығымен жанып жатқаны анықталды. Сондай-ақ 20 шаршы метр алаңдағы көң жанған. Жоғары температурадан тұрғын үйдің пластикалық терезелеріндегі әйнектер жарылып кеткен, – дейді департаментте.
Тілсіз жау сағат 12.20-да ауыздықталып, 12.40-та сөндірілді.
Оқиға орнында өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен үш техника мен 13 қызметкер, 102, 103 қызметтері, қалалық электр желісі жұмыс істеді.