Баянауыл ауданында өндірістік оқиға болып, тау-кен шебері қаза тапты

Баянауыл ауданында өндірістік оқиға болып, тау-кен шебері қаза тапты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Майкөбен Вест» ЖШС аумағында қайғылы жағдай тіркелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің мәліметінше, алдын ала ақпарат бойынша, бұрғылау-жару жұмыстары кезінде 1984 жылы туған тау-кен шебері жарақат алып, қаза болған.

Қазіргі уақытта жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеу жұмыстары ұйымдастырылуда. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.