Павлодар облысында қандай ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтеді?
Алғашқы сайлау кеншілер шаһарына қарасты округінде болмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Төрт құдық ауылдық округі әкімінің сайлауын 19 қаңтарға тағайындады. Барлығы төрт кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелді.
Кейін 16 ақпанда бірден үш жерде – Ақсу қаласының Қалқаман ауылдық округі, Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылдық округі, Железин ауданы Алакөл ауылдық округінде әкімдерінің сайлауы өткізіледі.
Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, 2025 жылы келесі ауылдар, кенттер және ауылдық округтер әкімдерінің заңмен белгіленген өкілеттік мерзімі аяқталады:
- 2 наурызда Аққулы мен Павлодар аудандарының бір;
- 13 сәуірде Баянауыл ауданында бір, 27 сәуірде бір;
- 11 мамырда Ақтоғай мен Тереңкөл аудандарының бір;
- 18 мамырда Павлодар мен Шарбақты аудандарының бір ауылдық округі;
- 13 шілдеде Екібастұз қаласы төрт ауылдық округ пен бір ауыл, Ақсу қаласы мен Ақтоғай ауданының бір, Аққулы, Ертіс аудандарында 4, Баянауыл, Успен, Тереңкөл аудандарында 3, Железин, Павлодар мен Шарбақты аудандарында екі ауылдық округі;
- 21 тамыз бен 30 қараша аралығында Павлодар қаласы, Ертіс, Тереңкөл, Железин, Май аудандарының 1, ал Павлодар ауданының 4 ауылдық округі.