Екібастұзда күйік шалған баланың жағдайы анықталды
Кеше ол балалар травматология бөліміне ауыстырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Светлана Подзорованың айтуынша, 2014 жылғы бала 8 желтоқсанда сағат 12.45-те аумағы 20 пайыз бірінші, екінші және үшінші деңгейдегі термиялық күйік диагнозымен түскен.
– Ол далада футбол ойнап жүрген кезде жарақат алған. Бүгінгі таңда баланың жағдайы күйіктен шок алуы салдарынан ауыр деп бағаланады. Жансақтау бөліміне ауыстырылды. Сол жерде үш күн бойы қарқынды ем алды, – деді Светлана Подзорова.
Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде 8 желтоқсанда М. Жүсіп көшесі, 109 мекенжайында ер баланы күйік шалғаны туралы хабарлама жарияланды. Ұл бала далада ойнаған кезде доп су атқылап, жарылған құбырдың астына кіріп кеткен. 8 желтоқсанда қала тұрғыны сағат 11:13-те диспетчерлік қызметіне жүгінгеннен кейін мамандар оқиға орнына ақауды анықтау үшін шыққан. Жылу желісі «Марунич» ЖК тиесілі екені анықталды. Жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында кәсіпорын қызметкерлері зақымдануды өз күштерімен жойды.