Екібастұзда жасөспірім су тазалайтын аппаратта қыстырылып қалды

Баланың көмекке мұқтаж екенін көрген адамдар құтқарушыларды шақырған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Екібастұз қаласында баланың қолы су тазалайтын аппаратта қыстырылып қалды.
– Қолын өз бетінше шығара алмай жатқан баланы көрген адамдар көмек сұрап, 112-ге хабарласты, – делінген хабарламада.
Оқиға орнына келген құтқарушылар болгарканы пайдаланып, аппараттың есігін кесіп, баланың қысылған қолын шығарды.
Құтқарушылардың кәсібилігінің арқасында балаға дер кезінде көмек көрсетілді.