Железин ауданында жыл соңына дейін таза ауызсу мәселесі толық шешіледі
Бүгінде төрт ауылда су құбыры салынуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Железин ауданының әкімі Айтуған Шайхимов мәлімдеді.
– Биыл Моисеевка, Есқара, Береговое және Петропавловка ауылдарында төрт су құбырының құрылысы жүргізілуде. Жұмыстар қарқыны өте жақсы деп айтуға болады. Береговое ауылында жұмыстар 80%-ға аяқталды. Құбыр қазылды, барлық су желілері орнатылды. Ал Петропавловка мен Есқара ауылдарында жұмыстар 50%-ға артығымен аяқталды, ешқандай тәуекелдер жоқ, – деді Айтуған Шайхимов.– Жылдың аяғына дейін төрт ауылдың тұрғындарын сумен қамтамасыз ету жоспарланып отырмыз. Егер де биыл осы төрт ауылда су құбырының құрылысы аяқталса, ауданда сумен жабдықтау мәселесі 100% шешімін табады.
Ал Есқара ауылында су құбыры құрылысына респбликалық бюджеттен қаражат бөлінбеді. Себебі ауылдағы тұрғындардың саны 250-ге жетпеген, яғни халық саны қойылған талапқа сай жетпеген. Дегенмен ауыл азаматтарының сұрауы бойынша облыс әкімі Асайын Байханов бұл жобаға қолдау танытып, бүгінде Есқарада ауылында жаңадан су құбыры салынуда.
ҚР Ұлттық қорынан және облыстық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен осы жобаларды іске асыру үшін бір миллиард теңгеден астам бөлінді.
Береговое ауылында 4,4 км құбырлар төселген траншеялар қазылып, 20 құдық пен 14 гидрант орнатылды. Полиэтилен құбырларын дәнекерлеу жүргізілді – 4,2 км. Есқара ауылында 2 км құбыр төселген траншея қазылды және 2 км полиэтилен құбырлары дәнекерленген. Петропавловка ауылында 1,5 км құбыр төселген траншея қазылды және 1,5 км полиэтилен құбырлары дәнекерленген. Моисеевка ауылында 4,7 км су құбыры желісі төселіп, резервуарларға 3 шұңқыр дайындалған, қиыршық тас төселді және тығыздалды, бетон дайындығын төсеу үшін қалып орнатылды.
Сондай-ақ, Жолтаптық ауылында су мұнарасы ауыстырылды, бұл тұрғындардың сумен қамтамасыз етілуін жақсартуға мүмкіндік берді.