Екібастұзда жылу магистральдарына гидравликалық сынақ жүргізіледі
Сынақ 26 қыркүйек күні жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
"Екібастұзэнерго" ЖШС-нің мәлімдеуінше, Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі № 1, 2 жылу магистральдарына, сондай-ақ 32 шағын ауданның жеке секторы бойынша өтетін жер үсті магистральдік құбырға гидравликалық сынақтар жүргізіледі.
- Жылыту жүйелерінің жарылуын болдырмау үшін №1, 2 клапандарды ажыратып, бітеуіштерді орнату қажет. Құбырлар қайта құру жүргізілгеннен кейін беріктігі мен тығыздығына сыналатын болады, - делінген хабарламада.
Серіктестік аталған шараларды орындамау мүліктің бұзылуына, сондай-ақ жазатайым оқиғаларға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.