Павлодарлық құтқарушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әдісін меңгерді

Павлодарлық құтқарушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әдісін меңгерді
Фото: Павлодар облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы

Азаматтық қорғау органдары «Integrity check» жобасымен танысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстың ТЖ департаментінің басшы құрамы үшін «Қызметтік-әскери тәртіпті нығайтудағы идеологиялық және тәрбие жұмысы» атты оқу-әдістемелік жиындар ұйымдастырылып,  сабақтар өткізілді.

– Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа көп көңіл бөлінді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ТЖ департаментінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, қызметкерлердің кәсібилігі мен жауапкершілігін арттырады, – деді Павлодар облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Сондай-ақ, азаматтардың «Е-өтініш» жүйесіндегі өтініштері, азаматтық қорғау органдарына «Integrity check» парасаттылықты тексеру жобасын енгізу мәселелері қаралды. 

– Парасаттылықты тексеру мемлекет пен халықтың мүдделеріне ықтимал залалдың алдын алуға болатын алдын алу тетігін білдіреді. Яғни, мемлекеттік аппараттың сапалы құрамдас бөлігін жақсартуға және азаматтардың сенімін арттыруға ықпал ететін болады, – делінген хабарламада. 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің, құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті облыстық департаментінің, полиция департаментінің өкілдері және Павлодар қаласы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесшісі, медициналық-психологиялық көмек қызметінің психологы спикерлер ретінде сөз сөйледі.