Павлодарда жасөспірімдерге арналған тегін инженерлік лагерь өтеді

Павлодарда жасөспірімдерге арналған тегін инженерлік лагерь өтеді
Константин Шелковтың фотосы

Сабақтар С. Торайғыров атындағы облыстық ғылыми кітапханасында ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

28 шілде мен 2 тамыз аралығында Павлодар қаласында Mechanical Engineering Camp инженерлік лагері өтеді. Бағдарламаға дәнекерлеу, прототиптерді жинау, электрониканың негіздері мен инженерлік тапсырмаларды шешу бойынша практикалық сабақтар кіреді. Барлық сабақтар STEAM әдістемесі бойынша арнайы оқудан өткен тренерлердің жетекшілігімен өтеді. 

Бұл лагерь – Қазақстан өңірлерінде техникалық шығармашылықты насихаттап, жасөспірімдердің инженерлік дағдыларын дамытуға бағытталған ауқымды білім беру бастамасының бір бөлігі. Биыл бағдарлама еліміздің сегіз қаласын қамтиды, оның ішінде Павлодар да бар.

4-8 тамыз аралығында Electrical Engineering Camp бағдарламасы өтеді. Тіркелу тек бір лагерьге ғана жүргізіледі. Өтініш беру кезінде қалаған бағдарламаңызды көрсету қажет. 

Сабақ уақыты таңғы 10:00-ден 13:00 ге дейін. Тіркелу үшін +7 708 675 7928 номеріне хабарласуға болады