Екібастұзда қапшықтан табылған ер адамның өліміне қатысты тергеу басталды

Екібастұзда қапшықтан  табылған ер адамның  өліміне қатысты  тергеу басталды

Полиция ер адамның жеке басын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

– 24 сәуірде Екібастұзда еріген суларда, Қ. Нұралин көшесіндегі ескі зиратқа кіреберісте полиэтилен қапшықтан адамның қаңқалы мәйіті табылды. ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, – дейді департаментте. 

Полиция департаменті ер адамның жеке басын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды. Қаңқалы мәйітте «Челси» футбол командасының эмблемасы бар Adidas фирмасының көк түсті футболкасы, Nike фирмасының эмблемасы бар қара түсті спорттық шалбар, сұр жолақтары бар қара түсті күртеше және қара түсті шұлықтар болған. 

Қандай да бір ақпарат  болса,  төмендегі байланыс телефондары арқылы хабарлауды сұрайды:  Екібастұз қаласының ПБ кезекші бөлімі: 8 (7187) 75-06-06, 75-05-54, 75-05-45. Қылмыстық полиция бөлімі: 8-776-269-41-28, 8-775-334-57-95 немесе 102  қызметі. Анонимділікке кепілдік беріледі.