Екібастұзда өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін Екібастұз қаласының Ломоносов көшесіндегі жеке тұрғын үйдің жанында орын алды.
– ТЖМ күштерімен жеңіл көліктегі өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, – деді ведомствода.
Министрлік азаматтарды сақ болуға шақырады.
Айта кетейік, жол көлігінде төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу керек.