Екібастұздағы апат: Зардап шеккен пәтерлердің жартысынан көбі жөнделді

Екібастұздағы апат: Зардап шеккен пәтерлердің жартысынан көбі жөнделді

Қалада төтенше жағдай кезінде зардап шеккен пәтерлерді жөндеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС мәліметінше, бүгінде 152 пәтерде жөндеу жұмыстары аяқталған, тағы 100 пәтерде жұмыстар жалғасуда. 

– Желтоқсан айынан бері «Лидер декор» ЖШС екібастұздықтардың төтенше жағдай кезінде зардап шеккен пәтерлерінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Ақаулар актісі жасалғаннан кейін құрылысшылар жұмысқа кірісуде, – деді кәсіпорында.

Барлық құрылыс материалдарын «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС беруде. 

Кәсіпорынның хабарлауынша, пәтер иелері қабырғаға жабыстырылатын түсқағаз бен еденге төселетін линолеумдерді өздері таңдайды және жұмысты қабылдап алуға қатысады.

Фото: Есенжол Исабек