Ақпанда Павлодар облысында -35 градусқа дейін аяз болады

Ақпанда Павлодар облысында  -35 градусқа дейін аяз болады
Фото:pixabay.com

Айдың орташа ауа температурасы -12,2...-16,3°С көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, айдың бірінші онкүндігінде сынап бағанасы түнде -13...-18°С, облыстың солтүстігінде -23°С, ал оңтүстігінде +2°С-ты көрсетеді. Күндіз  -7...-12°С-тан  -0...+5°С-қа дейін көтеріледі деп күтілуде.

Қыс мезгілінің соңғы айының ортасында ауа температурасының түнде -27...-32°С-қа дейін, облыстың шығысында -35°С, күндіз -17...-22°С, облыстың солтүстік-шығысында -25°С-қа дейін біртіндеп төмендеуі болжанады.

Үшінші онкүндікте сынап бағанасы түнде -27...-32°С-тан, шығыста -35°С-тан -8...-13°С-қа дейін, күндіз -17...-22°С-тан, солтүстік-шығыста -25°С-тан  -4...-9°С-қа, ал облыстың оңтүстігінде  -1°С-қа дейін түседі деп күтілуде. 

Бір айда жауын-шашын мөлшері нормадан көп түседі деп күтілуде (норма: 10-15 мм). 

Ақпанның басында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Бүкіл ай бойы боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.