Успен ауданында алкоголь жасап сатқан тұрғын жазаланды
Оған 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ауыл тұрғынының кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысқаны, сондай-ақ іс-әрекеттерді (операцияларды) тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей жүзеге асырғаны үшін жазаланды.
– Тәртіп сақшылары патрульдеу кезінде аудан ауылдарының бірінен 46 жастағы ауыл тұрғынынан алкогольдің өткір иісі бар сұйықтығы бар пластик ыдысты тауып алып алды. Ер адам көлемі 0.5 литр болатын сұйықтықты ауыл тұрғынынан 650 теңгеге сатып алған. Алынған сұйықтық сараптамаға жіберілді, – деді Успен ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Арман Ашренов.
Сараптама нәтижесі пластикалық бөтелкедегі сұйықтықтың құрамында алкоголь бар екенін көрсетті. 49 жастағы ауыл тұрғынына қатысты кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығына тиісті рұқсаты жоқ болғанына қарамастан, алкоголь өнімін сатқаны үшін ҚР ӘҚБтК 1-бөлімінің 463-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Айта кетерлігі, биылғы жылдың басынан бастап полиция 24 ұқсас фактіні тоқтатты, барлық құқық бұзушылар жауапқа тартылды.