Екібастұзда жұмбақ жағдайда жоғалған ер адамның денесі табылды

Екібастұзда жұмбақ жағдайда жоғалған ер адамның денесі табылды
Фото: «Vita» парақшасынан алынды

Денис Покотиленконы іздеу жұмыстары жарты жылға созылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

– Алты ай бойы Денис Покотиленконы іздеу шаралары жүргізілді.  Іздестіруді тоқтата тұрғанның өзінде оның аман-есен табылатындығына үміттенген едік. Өкінішке орай,  кеше оның денесі табылғанын білдік, – дейді  «Vita» еріктілері. 

Естеріңізге сала кетейік, Денис Покотиленко 2022 жылы 13 қазан күні баласын балабақшаға апарғаннан кейін жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Ер адам бұған дейін ешбір себепсіз жұмыстан да қалып көрмеген. Ұшты-күйлі жоқ болып кеткен азаматтың туыстары, еріктілер мен полиция қызметкерлері Екібастұздағы барлық аумақты тексерген болатын, тіпті, кинологтар жұмылдырылды.