Павлодар тұрғыны киелі орындарды мультимедиялық картаға енгізуді ұсынды

Павлодар тұрғыны киелі орындарды мультимедиялық картаға енгізуді ұсынды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Өңір тұрғындары тікелей өңір басшысына тұрғын үй беру және жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік, білім беру мәселелері бойынша жүгінді.

Павлодар қаласының тұрғыны Үміт апа, Шайхы ата, Сұлтанмахмұт Торайғыров кешендері сияқты қасиетті орындардың мәртебесін көтеруді, оларды мультимедиялық картаға енгізуді ұсынды.

Ақсу қаласынан келген көпбалалы ана денсаулық сақтау, мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй сатып алу конкурсына қатысу, жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жүгінді.

Павлодарлық кәсіпкер өңірде өндірілетін құрылыс материалдарын сату мәселелерін талқылады.

Асайын Байханов жергілікті жерлердегі мемлекеттік қызметшілердің тұрғындардың өтініштеріне жедел ден қойып, тиімді шешімдер табуы тиіс екенін атап өтті. Жеке қабылдауда көтерілген барлық сұрақтар мен ұсыныстар қабылданды және аймақ басшысының жеке бақылауында болады.