Екібастұзда «көмір» дербиі өтеді

Екібастұзда «көмір» дербиі өтеді
Фото: «Екібастұз» ФК

Матч қай жағынан алып қарасаң да маңызды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

9 мамырда Екібастұзда футболдан Бірінші лиганың бесінші туры аясында жергілікті аттас клуб пен қарағандылық «Шахтер» кездеседі. Екі клуб та еліміздің көмір аймақтарының намысын қорғайды, екі команданы да «кеншілер» деп атайды. Қарсыластардың түстері де ұқсас - қызғылт сары және қара.

Дегенмен, командалардың турнирдегі жағдайы бір-біріне қарама-қайшы. «Шахтер» Премьер-лигаға қайта оралу үшін тартысуда, ал «Екібастұз» соңғы сатыда тұр. Андрей Шумараның командасы ел Кубогында жақсы өнер көрсетті, бірақ чемпионаттың басталуы сәтсіздікке ұласты. «Ертіс» командасынан 4:0 есебімен жеңілгеннен кейін екі рет жеңіліске ұшырап, соңғы турда екібастұздықтарды «Қайрат» жастары ұтты – 7:0.

Командада ойын бар. Мұны сол ел Кубогындағы матчтар көрсетті. Павлодарда өткен ойынның бірінші таймында кеншілер тәуір көрінгенмен, команданың ішінде бір проблема бар екендігі қылаң берді. Психологиялық сипаттағы проблемалар болуы мүмкін. Көшбасшылардың біріне қарсы матч - жанкүйерлер көңіл-күйін көтеруге жақсы мүмкіндік.

Қарағандылықтарға да ұпай жоғалтуға болмайды – «Каспий» көш бастады. Көмір астанада кеншілер «Ертіспен» тең түскен соң Қазақстан футболының екі алыбы да ақтаулықтардан екі ұпайға қалып отыр.

Алаң иелері «Шахтерді» жеңетін болса, бұл жеңіс қуанышын Павлодарда да, сонау Ақтауда да екібастұздықтар бөлісетінін болжау қиын емес.

Ойын Жеңіс күні өтеді, бұл да жігер қосады деуге болады. Матч 14:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетейік, 8 мамыр күні сағат 19:00-де Павлодарда «Ертіс» өз алаңында Алматының «AKAS» командасын қабылдайды.