ERG тобы Павлодар облысын көгалдандыруға сүбелі үлес қосып жатыр

ERG тобы Павлодар облысын көгалдандыруға сүбелі үлес қосып жатыр
Фото: «Қазақстан алюминийі» АҚ

@Pavlodarnews.kz тілшісі Павлодар ауданына қарасты Чернорецк орман шаруашылығы ауданында болып, бес ай бұрын егілген қарағайлардың жағдайын көрді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын қолдау мақсатында ERG Павлодар облысын ауқымды көгалдандыруға 260 млн теңге бөліп, облыс әкімдігімен екі жылдық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл ақшаға жер қойнауын пайдалану басқармасы материалдар және бес трактор мен бес орман егетін техника сатып алған. Қарағайларды Павлодар ауданындағы Максимовка ауылының маңына орман шаруашылығы қызметкерлері отырғызды.

Көктемде 300 гектар жерге алғашқы 1 582 809 жас ағаш отырғызылды. Қылқанды аумақтың ауданы 18 қатар болып, бір шақырымға жетті.

Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасына қарасты жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы Қайыржан Шайманов жас қарағайлардың өсу көрсеткіші облыс бойынша өте жоғары деп бағалады.

– Көшеттердің жерсініп, жақсы тамыр тартқаны анық. Бұл биылғы ауа райына байланысты. Жаз бойы жаңбыр жауып, әлі де жалғасуда. Сондықтан бес айда жас қарағайлардың 5-7 сантиметрге өскенін көріп отырмыз, – деп атап өтті Қайыржан Шайманов.

Орманшылар көгалдандырудың екінші кезеңіне дайындалуда. Отырғызу материалдарын алған бойда қазан айының басында жұмысқа кіріспек. Қосымша 48 гектар жерге 275 мың жас қарағай отырғызу жоспарда бар.

– Бұл жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Бірақ көшеттерді басқа орман шаруашылығында отырғызатын боламыз, – деп қосты жер қойнауын пайдалану, экология және су ресурстары басқармасының басшысы Сағын Төлеутаев.

«Қазақстан алюминийі» АҚ бас экологы Мақсұт Жақыповтың айтуынша, қазан айының басында түгендеу жұмыстары жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша мамандар қарағайлардың жалпы тіршілік ету көрсеткішіне баға береді.

Жарнама материалы