Ертіс ауданында сумен жабдықтаудың жерасты көздерінен сынамалар алынды

Ертіс ауданында сумен жабдықтаудың жерасты көздерінен сынамалар алынды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауызсу ауыр металдарға тексеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау объектілерінен ауыз сумен жабдықтау сапасы тұрақты мониторингке жатады. Оның нәтижелері бойынша басқарушылық шешімдер қабылдау үшін ауылдық округтердің әкімдіктеріне анықтамалар жіберіледі.

Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Елена Белозерова Ертіс ауданының Беловод топтық су құбырынан ауыз суға мониторинг жүргізді. Тексеру барысында микробиологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге, оның ішінде ауыр металдар тұздарының құрамына зерттеу үшін су сынамалары іріктеліп алынды.

Қауіпсіздік көрсеткіштеріне сынама алу Ертіс ауданының Қосағаш, Панфилов, Ұзынсу, Ағашорын, Ленин ауылдарындағы орталықтандырылған сумен жабдықтаудың жерасты көздерінен де жүргізілді.

Ауыз су сынамалары зертханалық зерттеу жүргізу үшін Павлодар облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалына жіберілді.