«Таза Қазақстан»: Шарбақты ауданында екі мың түп қайың отырғызылды

«Таза Қазақстан»: Шарбақты ауданында екі мың түп қайың отырғызылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Акция Шалдай ауылында «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының мәліметінше, бұл маңызды іс-шараға 14 пен 35 жас аралығындағы жастар, белсенді волонтерлер, волонтерлік ұйымдардың өкілдері, бастамашыл топтар және қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосуға ниетті табиғат жанашырлары қатысты.

– Іс-шара бағдарламасы аясында қатысушылар алдымен «Ғабдул Уахит хазірет» мазарына барып, кейіннен экологиялық акцияның салтанатты ашылуына қатысты. Одан әрі барлық қатысушылар бірлесіп қайың көшеттерін отырғызып, резерват аумағын көгалдандыру және саябақты абаттандыру жұмыстарына атсалысты, – деді жастар орталығының баспасөз қызметі.

Аталған акцияның мақсаты – орман экожүйелерін қалпына келтіру, экологиялық мәдениетті дамыту және жастарды практикалық табиғат қорғау іс-шараларына тарту арқылы «Таза Қазақстан» республикалық бастамасын қолдау болып табылады.

Ағаш отырғызу акциясын «Birgemiz» фронт-офисі, «Карагач» қоғамдық қоры және «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының әкімшілігі волонтерлік ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ауқымды шара – елімізді көгалдандыруға қосқан зор үлес қана емес, сонымен қатар болашақ ұрпақтар алдындағы ортақ жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Барлық белсенді қатысушыларға табиғатқа деген жанашырлықтары мен белсенділіктері үшін ұйымдастырушылар алғыстарын білдірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жастар Орталығы Павлодар (@crmi_pvl)