«Ертіс» футболшылары ел болашағы үшін дауыс берді

«Ертіс» футболшылары ел болашағы үшін дауыс берді
Фото: Федор Ковалев

Бүгін Павлодардың «Ертіс» футбол клубының ойыншылары толық құраммен С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада орналасқан №15 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Спортшылар елдің болашағына бейжай қарамай, азаматтық белсенділіктерін көрсетіп, Қазақстанның жарқын келешегіне өз үлестерін қосты.

Ал сайлау учаскесінің маңында футболшылар өтіп бара жатқан павлодарлықтарға шағын шеберлік сабағын өткізіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қала тұрғындарының онсыз да жақсы көңіл-күйін одан әрі көтеріп, осындай игі іске өз үлестерін қосты.

Бүгін Павлодарда сайлаушылар қатарында жас аналар мен жүкті әйелдер өз таңдауын жасады. Олар облыстық перинаталдық орталықта дауыс берді. Жалпы облыс бойынша 522 сайлау учаскесі жұмыс істейді, оның 140-ы Павлодар қаласында орналасқан.