«Ертіс орманы» табиғи резерватының аумағына кіруге шектеу қойылды
Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғандар айыппұл төлеуі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жоғары өрт қауіптілігінің жоғарғы IV класына байланысты азаматтардың ормандарда болуына және көлік құралдарының кіруіне шектеулер енгізіледі.
– Ормандарды өрттен сақтау – әр азаматтың міндеті. Сондықтан өңір жұртшылығын табиғатқа ұқыпты қарауға және өрт қауіпсіздігін барынша сақтауға шақырамыз,– деді «Ертіс орманы» резерватында.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғандар ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумағында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл 100 және одан жоғары АЕК-ті құрайды.
Егер өртті өз күшімен жою мүмкін болмаса, 8 (71836)32-2-22, 8 (7182)78-77-32 немесе «101» телефондары арқылы орман күзеті немесе ТЖ қызметкерлеріне хабарлауға болады.