Павлодарда оқушы мұғалімі мен сыныптасына пышақ сұқты
Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сыныптасына, сондай-ақ мұғалімге пышақ салған Павлодар қаласының мектеп оқушысы ұсталды.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.