«Ертіс орманында» кәдімгі қарағай тұқымдары толығымен себілді
Тұқымдар арнайы дайындалған топыраққа себілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Дақылдар ылғалды ұстап тұру үшін егілімге ағаш үгінділерімен бүркеу жүргізілді және көлеңке қалқандармен жабылды.
– Өскіндер пайда болған кезде, қалқандар көтеріледі, бірақ өсімдіктерге көлеңке беру үшін жиектерде қалдырылады. Қарағай көшеттері стандартты өлшемдерге 2 жылдан кейін жетеді,– деді «Ертіс орманы» резерватында.
Екі жыл уақыт ішінде орман тұқымбағының қызметкерлері егістікке мұқият күтім жасайды – арамшөптерден тазартып, суарады, тыңайтып, аурулар мен зиянкестерден қорғайды.