Ертіс жағалауындағы көлеңкелі шатырлар жаңартылды

Ертіс жағалауындағы көлеңкелі шатырлар жаңартылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қосымша саңырауқұлақ пішініндегі жаңа шатырлар орнатылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков мәлімдеді.

–  Облыс әкімі жағажай маусымы мен жазғы демалыс кезеңінде тұрғындар үшін қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасауды тапсырды. Осыған орай жұмыс сапары барысында қалалық жағалаудың алдағы жағажай маусымына дайындығын тексердім. Бүгінде жағажай аумағындағы барлық көлеңкелі шатырлар жаңартылып, жаңадан 100-ге жуық саңырауқұлақ пішініндегі шатырлар орнатылды, - деді ол.

Шаһар басшысының айтуынша, жағалау аумағы арнайы техникамен өңделіп, жаңа құм төсеу жұмыстары жүргізілуде. 

Жаңа маусым қарсаңында 1255 жатып демалатын орын, пирстер мен құтқару қайықтары толық дайындалды. Балалардың қауіпсіз шомылуы үшін арнайы суға түсу аймақтары ұйымдастырылады. Оның үшеуі орталық жағалауда, біреуі Усолка шағын ауданында орналасады.

Сондай-ақ, 1 маусымға дейін үлкен бассейнді жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға беру жоспарланып отыр.