Ертең Павлодар облысында жылы күн райы сақталады
Алайда аспан бұлтты болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
20 сәуір күні еліміздің басым бөлігіндегі ауа-райы жылы болады. Синоптиктердің мәлімдеуінше, жауын-шашын күтілмейді. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте дауыл тұрады деп болжануда.
Павлодар облысында ауа райы күндіз бұлтты болады. Ауа температурасы +13...+18 градусқа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы секундына 10 метрден аспайды.
Павлодарда күндіз ауа температурасы +15...+17 градусқа дейін көтеріліп, аспанды бұлт торлайды.